Атырау, 25 қараша 13:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан мен Беларусь Украинадан импортты шектеуге қарсы болды

1 496 просмотра
Қазақстан мен Беларусь Украинадан импортты шектеу туралы қарарды қолдаудан бас тартты, - деп жазады "Ведомости".

Ресей Кеден одағы бойынша әріптестеріне бұл құжатқа Еуразиялық комиссияның отырысында қол қоюды ұсынған болатын. РФ-ның Украинадан импортты шектеу туралы ұсынысы Петр Порошенконың Еуроодақпен қауымдасу туралы келісімнің экономикалық бөлігіне қол қоюымен байланысты. Мәскеу бұл келісімнен соң Кеден одағына Украинаның атын жамылып, арзан еуропалық тауарлар жеткізілуі мүмкін деп қауіптенеді. 

Қазақстан мен Беларусь тиісті қарарды қолдаудан бас тартқаннан кейін Ресей Кеден одағы ережелеріне сәйкес, біржақты тәртіпте әрекет етуге құқық алды. РФ бірінші вице-премьерінің айтуынша, Мәскеу үштіктің шешімінсіз Украинаға қатысты жалғыз өзі-ақ шара қолдана алады.

"Бұл - тараптардың барлығына қатысты әңгіме: Украинаға да, Ресейге де, экономикалық кеңістік бойынша әріптестерімізге де. Қорғау шаралары қалай болғанда да қажет, біз бұл шаралардың біржақты емес, бірлескен түрде болуы үшін диалогты жалғастырамыз", - дейді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

РФ Үкіметі аппараты қызметкерінің мәліметінше, Беларусь пен Қазақстанның Украинадан импортты шектеу туралы қарардан бас тартуының өзіндік себептері бар. "Біз өзіміздің қазақ және белорус әріптестерімізді түсінеміз. Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу алдында және қатаң келіссөздер шеңберінде қыспақта тұр, оның бұл қадамына Украина кедергі болады деген қауіп бар. Ал Беларусьте Украинамен арада 600 шақырымдық шекара бар, оны жабу техникалық жағынан өте күрделі, экономикалық жағынан тиімсіз", - дейді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

30 маусым 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.