"Қасиетті Құран кітабында өсиет етілгендей, бұл айда адамдар ораза тұтады. Құран ережелеріне сәйкес, ораза кезінде адам Аллаға жақындай түседі, бұл айда адамдар мейірімділік, бақыт, бірлік, төзімділік туралы, кешірім мен күнәдан арылу туралы ойлауы керек, бір-біріне көмек қылуы керек. Біздің елдің барша мұсылман қауымына қасиетті ораза шарттарына төзе білуді тілеймін!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа мешітті аралап көру барысында.
Жаңа мешіттің жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асады, мұнарасының биіктігі - 29 метр. Мешіт 1,5 мың адамға лайықталған. "Мешіт біздің астанаға келген қонақтардың келуіне ыңғайлы. Келешекте ол еліміздегі бірлік пен мейірімнің тағы бір орталығына айналатынына сенемін", - деді Президент.
Айта кетейік, Рамазан айы 28 маусымда басталып, 27 шілдеге дейін созылады
Дереккөз: tengrinews.kz
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-kasiett-ramazan-ayyinyin-bastaluyimen-kuttyiktadyi-255004/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі