Атырау, 25 қараша 13:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда күзде алғашқы фермерлік ұшақ шығарылады

1 606 просмотра
Қарағандыдағы авиация зауыты «Фермер» ұшағын жасауға рұқсат алды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, осы жылдың күзінде алғашқы ұшақ құрастырылмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Еске сала кетейік, зауыт «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 2011 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпорында құрастырылатын «Фермер-2» және «Фермер-500» деп аталатын шағын ұшақтар егістікті химикаттармен өңдеп, тыңайтқыш себуге және шаруашылық алқаптарын зерттеуге арналған. Алайда заңдық құжаттарда кеткен кемшіліктер кесірінен осы күнге дейін бірде-бір ұшақ жасалған жоқ. Тек биыл ғана бұл мәселе оң шешімін тапты. Зауыт келесі жылы толық өндірістік қуатына қосылған кезде жылына 36 ұшақ жасау мүмкіндігіне ие болады.

Облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, жыл басынан бері Қазан қаласынан келген мамандар авиация зауытында еңбектеніп жатыр. Олар өндіріске әлемнің озық технологиясын енгізе отырып, ұшақ өндірісін қолға алмақ. Онда «ҚазАвиаСпектор» зауытының да жұмыскерлері еңбек ететін болады.

Дерекккөз: ҚазАқпарат

27 маусым 2014, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.