"Березовка ауылындағы бұршақ 24 маусым күні сағат 17:45-те басталған және он минут көлемінде жауған. Табиғаттың тосын мінезінен 277 үйдің шатыры бірнеше жерден тесілген. Сонымен қатар, 27 көліктің терезесі сынып, қаңқасы майысқан. Бау-бақшаларға да айтарлықтай залал келтірілді. Қазір шығындарды есептеп жатырмыз" деді Бүрлен ауданы әкімдігі аппараты ТЖ ММ бас инспекторы Болат Тукупов.
Оның айтуынша, бұршақтың орташа диаметрі 35-45 мм. Әсіресе, ескі үйлер қатты зардап шеккен. Жаңаларының тек шатыры майысып қалыпты.
Тұрғындар арасында жарақат алғандары жоқ. Денсаулық сақтау мамандарына ешкім шағымданбаған.
Дереккөз: Baq.kz