Бүгiн Астана қаласының Тәуелсiздiк сарайында «Қазақстандағы «жасыл» экономика: жетiстiктер мен тәжiрибелер» атты республикалық форум өтуде. Шара аясында алғаш рет Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен «Үздік тәжiрибелер мен идеялар жәрмеңкесi», «Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту: үздiк тәжiрибелер, мәселелер мен жетiстiктер» конференциясы өтпек.
Жәрмеңкеде «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту» коалициясымен жүзеге асырылып жатқан 10 жоба және «ЭКСПО-2017-ге көзқарас» атты жастар арасындағы сайыс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi өттi. Жеңiмпаздарға 1000 АҚШ долларын құрайтын ақшалай сыйлық табысталды. Шара барысында 12 жеңімпаз анықталады деп жоспарланған. Байқауға қатысу үшін Ақмол облысының жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттерінен шамамен 52-ге жуық өтініш келіп түскен. Оның 21-і ақтық кезеңге іріктеліп алынған.
Вячеслав мектебiнде энерготиiмдi жылыту мен жарықты енгiзу, тамшылатып суарылатын жылыжай құру, сонымен қатар «ЭКСПО-2017 -ге көзқарас» сайысының 2013 жылғы жеңімпазының жобасы бойынша салынған пирамидалық жылыжай және т.б. жобалар жүзеге асқан.