Атырау, 16 маусым 23:12
 ашықВ Атырау +26
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Қазақстан парламенті РФ-мен Қытайға мұнай тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

2 621 рет қаралды

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. 

Келісімнің мақсаты Қазақстан аумағы арқылы ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдау болып табылады. 

Бұл ретте тараптар ресейлік мұнайды жылына 7 млн тонна көлемінде ұзақ мерзімді тасымалдауы үшін жағдай жасайды. Ал оның көлемі келешекте он миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін. 

«Бұл ретте Омбы (Ресей) - Ертіс (Қазақстан) - Атасу (Қазақстан) -Алашанькау (ҚХР) тасымалдау бағыты бойынша магистральдық құбырлар жүйесіне қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді. Мұнай тасымалдауға арналған тариф бес жылға бекітіледі. Мұнайды тасымалдау бағыты бойынша тасымалданған мұнайдың әрбір тоннасы үшін АҚШ долларымен есеп айырысу қарастырылады», - дейді Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
26 маусым 2014, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.