Атырау, 21 маусым 13:38
 ашықВ Атырау +21
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Мәсімов заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы салыққа рақымшылық жасауды тапсырды

1 421 рет қаралды

Сурет newskaz.ru сайтынан алынды Сурет newskaz.ru сайтынан алынды Астана. 25 маусым. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР премьері Кәрім Мәсімов Салық кодексіне өзгерістер енгізуді тапсырды, соған сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кәсіпкерлерді төленбеген салықтарынан босату қарастырылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мен Сұлтановқа (қаржы министрі-премьер-министр Бақыт Сұлтановтың орынбасары - ҚазТАГ) ҚР Салық кодексіне қажетті толықтырулар мен өзгерістерді енгізуді қарастыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді К.Мәсімов сәрсенбіде ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының I съезінде.

Ол 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарында қалыптасқан, бірақ 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін төленбеген өсімпұл мен айыппұлдардан бизнесті босату жоспарланып отырғанын айтты.

«Осындай рақымшылық жасау кәсіпкерлерге қаржыларын бизнесті кеңейту мен дамытуға жұмсауларына мүмкіндік береді», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар К.Мәсімов өзінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа кәсіпкерлердің несиеге қол жетімділіік мәселесі бойынша отырыс өткізуді және бір ай ішінде үкіметке ұсыныс енгізуді тапсырды.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 маусым 2014, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.