Ресей елімізден зымыран қалдықтары құлайтын қосымша жер сұрап отыр. Бұл жолы көршілеріміздің көзі Солтүстік Қазақстанға түсіпті. Осы талабын орындасақ қана Мәскеу «Байқоңыр» айлағында еліміздің экологиялық кодексімен санаспақ. Бүгін Мәжіліске келген Талғат Мұсабаев осылай деп депутаттарға шағынды. «Қазғарыш» басшысының сүйінші хабары да бар екен. Айтуынша, жуырда қазақстандық азамат Қытайдың ракетасымен ғарышқа аттануы мүмкін.
Дүйсенбі - депутаттардың Үкімет мүшелерінен сұрау алатын күн. Бүгін мәжілісмендердің «қатаң тергеуіне» «Қазғарыш» басшысы түсті. Халық қалаулылары ең алдымен Талғат Мұсабаевтан Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның экологиялық кодексімен қашан санасатынын сұрады.
Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы: /ауд/
-Бірнеше күн бұрын екі мемлекеттің үкіметтері өзара келісімге қол қоймақ болған. Бірақ Ресей Солтүстік Қазақстандағы нөмері 120-шы ауданды сұрап отыр. Сонда ғана Байқоңыр айлағына еліміздің Экологиялық кодексін енгізбек. Әзірге біз оған келіспедік.
Депутаттар қазақстандық қос спутник – «Қазсат-2» мен «Қазсат-3» қазіргі жағдайына қызығушылық білдіріп еді Мұсабаев сыр алдырған жоқ.
- Қанша пайда табасыңдар?
-Пайда тауып жатқанымыз жоқ.
- Спутникті ұшырғанымыз жақында ғой.
Ал, әңгімежан жарамызға айналған гептилға ауысқанда«Қазғарыш» басшысы: «Ресей «Протонға» балама зымырантасығыш тапқанша улануға мәжбүрміз» деп қысқа қайырды. «Протонды» «Зенит» зымырантасығышына ауыстыруға болады. Бірақ оған Мұсабаевтың қолымен көрсеткендей мол қаржы керек екен. Ал, ол «Роскосмосқа» мүлдем тиімсіз. Осындай сансыз сұраққа ашуланды ма әйтеуір ғарышкер соңында депутаттардың аты-жөнін ұмытып қалды.
- Рахмет, Бақытжан. Әкеңіздің аты, жақсы ұмытып қалдым. Түсінеді, бауырым ғой.
Мәжілісмендерден кейін улы гептилдің тілшілер де қозғады. Жуырда ақпарат құралдары «Роскосмостың» экс-басшысы гептилден қайтыс болды деген ақпарат тараған еді. Бұл сұрақ Мұсабаевты одан бетер ашуландырды.
Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:
-Я же говарю, космос их не интересуют, их интересует как умер какой-то дедушка. – Енді Ресейде адам өліп жатыр, бізде бәрі норма, -Ресйеде көп адамдар өліп жатыр. – Гептилдан деген диагноз қойды ғой дәрігерлер. – Жоқ, жоқ, өтірік ол.
Осылайша «Қазғарыш» басшысы гептилден өлгендерді түгендегенше отандық ғарыш саласындағы жетістіктерді жеткізіңдер деп отыр.
-Мұсабаевтың айтуынша, 2017 жылы Халықаралық ғарыш станциясынан қазаққа да орын бұйырып, еліміздің азаматы ғарышқа Қытай техникасымен ұшуы мүмкін. Ал, келесі жылы Ресей жалға алған аумақтан «Зенит» кешені Қазақстанға қайтарылып беріледі екен. Сондай-ақ «Қазғарыш» төрағасы отандық зертханаларды жаңарту үшін бюджеттен 3 млдртеңге сұрады.