Атырау, 25 қараша 11:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді ХҚКО арқылы берілген өтінім жағдайын телефон арқылы білуге болады

1 663 просмотра

Мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығы жаңа сервис түрін көрсетуде: енді ХҚКО арқылы берілген өтінім жағдайын кез келген уақытта телефон арқылы анықтауға болады. 

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АО баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл үшін 1414 номіріне хабарласып қызмет көрсету тілін таңдап одан кейін «4» санын теріп ХҚКО берілген қолхаттағы 12-таңбалы кодты енгізіп # басу керек.

Бұдан кейін хабарласқан адамға өтінім жағдайы: қабылданғаны, өңделуде екендігі, орындалу үшін мемлекеттік органға жіберілгені, жұмысқа алынғаны, орындалғаны немесе құжаттың дайын болғаны туралы хабарланады. Соңғы статус «құжаттар берілген» деп есептеледі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ клиенттік қызмет көрсету жөніндегі атқарушы директор Әсел Молдабекованың айтуынша, жаңа сервис түрін қолдану кезінде оператордың жауабын күтудің қажеті жоқ, өйткені қызмет көрсету автоматты түрде жүргізіледі.

«Бұл өте ыңғайлы, себебі халыққа қызмет көрсету орталығы немесе мемлекеттік органға хабарласудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу Қазақстан бойынша барлық операторлардың абоненттеріне абсолютті тегін», - деп толықтырды Молдабекова.

Қазіргі таңда орталық операторлары халыққа 561 мемлекеттік қызмет бойынша: оның ішінде салық комитетінің 32 қызметі мен ЗТМО 30 қызметі бойынша қызмет көрсетеді.

2013 жылы ББО мамандары 2,5 млн.өтінім қабылдаса, 2014жылдың алғашқы 5 айы бойынша 1,5 млн.астам өтінімді қабылдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 маусым 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.