Қазақстанда пойыз билеттерін ұялы телефондар алмастыратын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ даму басқармасының басшысы Алмаз Айтпаевқа сілтеме жасап.
"Қазір біздің жоспарда барлық пойыздарымыздың құрамын алмастыру мәселесі тұр. Ал, бізде 119 пойыз бар. Қазіргі таңда біздің тек 10 пойызда ғана электронды билеттерді оқитын мобильді терминалдар бар. Жолаушылар интернеттен сатып алған билеттерін қарапайым қағазға шығарып немесе смартфондарына көшіріп, пойызға міне береді" деді Айтпаев.
Оның айтуынша, наурыз айында іске қосылған пилоттық жоба аясында ҚТЖ электронды билеттерді айналымға енгізген. Бұл дегеніңіз қағазбастылықтан арылтады. Дәл мұндай мобильді терминалдар жыл соңына дейін "Жолаушылар тасымалы" компаниясына тиесілі барлық пойыздарда пайда болуы ықтимал.
Дереккөз: Baq.kz