Нұрмұхамбет Әбдібеков. Фото republika.kz сайтынан алынған. Қарағанды. 20 маусым. ҚазТАГ – Қарағанды облысының әкімі болып, Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Басшылықты ауыстыру саласында. Әбдішев Бауыржан Түйтеұлы мемлекет басшысына оны қызметінен босату туралы өтініш жазған. Соған байланысты перзидент шешім қабылдап, жарлығымен Әбдішев Бауыржан Түйтеұлын Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатты», - деді ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин жұма күнгі облыс активінің отырысында.
Оның айтуынша, Б.Әбдішевтің тәжірибесін ескере отырып, жақында оның жаңа жұмыс орны анықталатын болады.
«Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 87 бабы 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихаттың келісімімен Қарағанды облысының әкімі етіп Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанатұлын тағайындады», - деп толықтырды ол.
Н.Әбдібеков 2012 жылдан бері Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Ақтөбе әкімі болған, ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарған.
Еске салақ, Б.Әбдішев Қарағанды облысын 2013 жылдың қаңтарынан бастап басқарып келді.
Дереккөз: ҚазТАГ