© ИА Новости-КазахстанАСТАНА, 20 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясына газды заңсыз жаққаны үшін 133.7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
«БҚО бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша алынып жатқан шаралардың толықтығы мен уақытылылығын тексеру нәтижелері бойынша 2013 жылдың қаңтар айынан бастап 2013 жылдың 13 ақпаны аралығында 1 084 753 м3 көлемінде «КПО б.в.» ЖТАҚ қолданыстағы заңнамамен қарастырылған уәкілетті органның рұқсатынсыз газды жағу жүзеге асырылғандығы анықталды»,-делінген хабарламада.
Тексеріс нәтижелері бойынша «Запказнедра» АД Батыс Қазақстан облыстық геология және кен пайдалану инспекциясына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, оны қарау барысында Инспекциямен 133,1 млн теңге сомада келтірілген шығын анықталды.
Аталған сома прокурорлық ықпал ету актісі бойынша мемлекет бюджетіне қайтарылды.
«Сондай-ақ, Кпоб.в. компаниясы жіберген бұзушылықтар үшін 600 мың теңгеден астам сомадағы айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп қорытындылады БҚО прокуратурасынан.
Дереккөз: newskaz.kz