Фото: forbes.kzҰлттық банк ғимаратын басып алмақ болған борышкерлер өздері несие алған банк өкілдерімен кездесті.
Бұған дейін бірнеше мәрте наразылық акцияларын өткізіп, қарыздарын кешіруді талап еткен топ, сот орындаушылар кепілге қойған баспаналарын тартып алып жатқанын айтқан.
Борышкерлерменбанктердібірмәмілегекелтірудікөздегенұлттықбанктыңалқалыжиыныкештеубастады. Себеп, БАҚ өкілдерінің жиынға қатысу-қатыспауы. Кездесуге келген екінші деңгейлі банк басшылары әуелі қарыздар кешірілмейді деп кесіп айтқан.
Уәждері несиеге берген ақша банк салымшыларына қайтарылуы тиіс. Бұл уәжді ұлттық банк та құптап отыр. Ертең салымшылар банкке келіп депозиттерін сұрайды ғой. Ал біз ол банктерге қарызды кешіріңдер деп қалай айтамыз.
Оған қоса, ұлттық банк тарапынан банктерге бөлінген қаржылар да қайтарылуы тиіс. Сіздер алған несие сіздер сияқты халықтың ақшасы. Ұлттық банк басшылығы дауға араласып, екі тарапқа да тиімді болар ұсыныс жасады.
Борышкерлер қарызды қайтаруға мүлдем жағдайы жоқ азаматтардың тізімін жасап, банктерге өткізеді. Еліміз бойынша борышкерлер екінші деңгейлі банктерге 4 триллион теңге қарыз екен. Ал ұлттық қордан мәселені шешуге 250 миллиард теңге бөлінген.
"Сіздер бізге банкқа берешек адамдардың тізімін беріңіздер. Сол адамдармен жеке-жеке сөйлесеміз. Тізімге тек басында жалғыз баспанасы барлар жазылсын. Босқа шулай берсек, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз", - деді Ұлттық банк өкілдері.
Ұзақ дауласудан кейін екі тарап бір мәмілеге келгендей болды. Борышкерлердің баспанасын тартып алу мен сот орындаушылар тарапынан болатын қысым осы айдың соңына дейін шешімін таппақ.
Дереккөз: nur.kz