Атырау, 25 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жемқорлықты жеңу үшін Қазақстанда алдымен «қақпадағы тесікті бітеу» керек - Мәсімов

1 731 просмотра

Фото ИА Новости-КазахстанФото ИА Новости-КазахстанАстана. 20 маусым. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. Қазақстанда жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресте «қақпадағы тесікті бітеу» қағидасы қолданылады, деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Біз жемқорлық әрекеттер мүмкіндігі мен көлеңкелі экономика үлесін азайту үшін (жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресте – ҚазТАГ) екінші бағыт – «қақпадағы тесікті бітеу» дұрыс деп санаймыз. Бұл дегеніңіз бизнесті, экономикалық қызметті жүргізуге қажет рәсімдерді жеңілдету дегенді білдіреді. Бізде жағдайды түбегейлі өзгертуге тырысатын бастамалар жинағы бар, оның ішінде заңнамалар да, оларды біз сізге (ҚР парламентіне – ҚазТАГ) күзде ұсынатын боламыз», - деді К.Мәсімов жұма күні парламент палатасының біріккен отырысында депутаттардың сұрағына жауап бере отырып.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылық қожалықтары үшін салық салу мен есептілік формаларының жеңілдету және ШОБ үшін тексеруді азайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Премьердің айтуынша, көлеңкелі экономикамен күресте екінші тәсіл барын айтты ол – «қақпадағы тесікті бақылаушы».

«Былайша айтқанда, егер жарда қандай да бір тесік болса, ол тесік ұрыны қызықтырады. Бұл тәсілмен күресудің екі әдісі бар, біріншісі – тесік жанына бақылаушыны отырғызып қойып, ұрыны сол тесіктен өткен кезде ұстап алу. Бұл - жазалау тәсілі. Ол қандай да бір жекелеген органдар  үшін  жұмыстарының тиімділігін көрсетуде тартымды болуы мүмкін», - деп санайды үкімет басшысы.

Ол Қазақстандағы 19,2%-дық үлесті құрап отырған көлеңкелі экономиканың «сәл аз немесе сәл көп болуы мүмкін» екенін мәлімдеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

20 маусым 2014, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.