Атырау, 25 қараша 11:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ер адам Алматыда қызды 1 мың АҚШ долларына күңдікке сатпақ болған

1 681 просмотра

АСТАНА,  20  мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыда қызды 1 мың АҚШ долларына сатпақ болған 30 жасар ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ертеректе хабарланғандай, Түрксіб ауданының прокуратурасына бір әйелден оған белгісіз азамат тарапынан қызды пайдалану мақсатында оны 1000 АҚШ долларына сатып алу туралы ұсыныс түскендігі туралы хабарлама түскен. Соған байланысты, аудан прокуратурасымен адамды сату фактісінің алдын алу үшін барлық қажетті іс шаралар ұйымдастырылды. Ішкі істер Департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Сейфуллин даңғылы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында орналасқан «Алаш» стадионы алдында қызды ақшаға сатып алған 30 жастағы ер азамат ұсталды. Аталған факті бойынша Түрксіб ауданы прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.

«2014 жылдың 6 маусым күні соттың үкімімен Алимкуловқа қатысты мүлкін тәркілеп 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі күшіне енді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

20 маусым 2014, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.