«2014 жылдың сәуір айының соңында қабылданған «Жол қозғалысы туралы» Заң осы жылдың 19 қазанында күшіне енеді. Осы заңмен көлік құралдарының жаңа категориялар, болашақта полицейлер талап ететін жүргізуші куәліктері қаралып отыр. Жарты жылдан кейін Қазақстанның халыққа арнайы қызмет көрсету орталықтары мен тіркеу-емтихан алу бөлімдерінде жаңа жүргізуші куәліктері берілуі керек. Жаңа жүргізуші куәлігінің қандай болатыны жайлы көп айтылды, көбіне украиндық үлгіге ұқсас деп келтірілді. Бірақ жақында ғана редакция алғашқы макеттерді көріп, оларды шығару бойынша конкурсқа қатысуға ниетті компания өкілінен ақпарат алды. Оның сөзіне қарағанда, жаңа жүргізуші куәліктерінің стандарты әлі қабылданған жоқ. Бірақ бүгіннен бастап оның өзгеретініне сенуге болады. Макет бекітілісімен-ақ, ІІМ куәліктерді өңдеп, жасап шығаруға конкурс жариялайды. Бірақ пластикалық карточкаларды чиптермен кесіп, оларды бере бастау аз. Бастамас бұрын полицияға үлкен жұмыс атқару керек. Бірінші кезекте, жаңа категориядағы көлік құралдарының жүргізушілерін теориялық және практикалық оқыту жүйесін жасау, көлік жүргізу бойынша емтихан қабылдау тәсілдерін жасап шығару. Себебі бүгінгі таңда еліміздің бірқатар аймағында, сонымен бірге Астана мен Алматы қалаларында куәлік берумен халықа арнайы қызмет көрсету орталықтары айналысады. Онда емтиханнан өткен-өтпегенің автоматты түрде қабылданады. Сәйкесінше, жол полицейлеріне жаңа категориядағы барлық жаңа көліктерді роботтармен жабдықтап, оларды емтихан алу пунктеріне орналастыру керек. Жүргізуші куәліктеріне келетін болсақ, редакцияға жауап берушінің сөзіне қарағанда, оларды жаңартылған халықаралық конвенцияға сәйкес етіп жасайды. Жүргізуші куәлігінен француз тіліндегі PERMIS DE CONDUIRE (көлік жүргізуге рұқсат) жазуы өшіріледі. Куәліктегі барлық мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады. Фотосурет пен чиптің орындары ауысады. Ал олардың арасында аты-жөні, азаматтығы, оның берілу мерзімі мен орны және құжаттың номері көрсетіледі. Төмендегі орын ерекше белгілер үшін қалдырылады», - деп жазылған хабарламада.
Дереккөз: inform.kz