Фото: homebook.kzАлматы прокуратурасы қаланың бірқатар туберкулезге қарсы диспансерінің жұмысынан бұзушылықтар анықтады. Атап айтсақ, бұзушылықтар балаларды мамандандырылған шипажай типті мекемелерге жіберуде анықталды. Нәтижесінде 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның екеуі сыбайлас жемқорлықпен ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасай отырып.
Прокурорлық тексеру балалалардың туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыстары туралы жалған ақпарат және мәліметті бұрмалаушылық жолымен оларды туберкулезге қарсы шипажайларға заңсыз жіберу фактілерін анықтады. Тексеру барысында дәрігер-фтизиаторлар мен іріктеу комиссиясының кейбір адамдарды заңсыз жібергені анықталды. Олардың барлығына қатысты шара қолданылды.
Дереккөз: bnews.kz
20 маусым 2014, 10:14