Атырау, 25 қараша 11:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық «КazEOSat-2» жерсерігі «Ясный» ұшыру базасынан сәтті ұшырылды

2 075 просмотра

АСТАНА,  20  мау – Қазақстан жаңалықтары АА.Қазақстандық  «КazEOSat-2» жерді қашықтықтан зондтаудың екінші қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.

«КazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутнигі Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды. «КazEOSat-2» спутнигінің ұшырылымы РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының негізінде құрылған «Днепр» зымыран-тасығышымен жүзеге асырылған болатын.

«КazEOSat-2» (Kazakhstan Earth Observation Satellite – Жерді бақылайтын қазақстандық спутник) Қазғарыштың тапсырысы бойынша ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіретін Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясы жасаған Жерді орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын бес мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты.

«КazEOSat-2» спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрлерін ұсынуға, Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған.

Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесі «KazEOSat-2» спутнигін ұшыра отырып, орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын ғарыш аппаратымен толықтырылды. Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты (ү.ж. 30 сәуірде ұшырылған «KazEOSat-1» және бүгін ұшырылған «KazEOSat-2») мен мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешені кіреді.

ҚР ҰҒА-ның төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Қазғарыш делегациясы «KazEOSat-2» ғарыш аппаратына тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сонымен бірге «Днепр» ЗТ ұшыруға толық құқылы қатысушы ретінде қатысқандығын еске саламыз.Қазғарышқа ведомстволық бағынысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ «Космотрас» МКК акцияларының 10 пайызының иеленушісі болып табылатындығы белгілі.

Дереккөз: newskaz.kz

20 маусым 2014, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.