Атырау, 25 қараша 11:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астана мен Сеул азаматтардың визасыз кіруі туралы келісімге қол қойды

2 513 просмотра

Фото КазинформФото КазинформАСТАНА, 19 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында  Ақордада екі ел үкіметтері арасында өзара визалық талаптарды жою туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі Ақордадан. 

Қазақстан тарапынан келісімге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал Корея Республикасы жағынан СІМ басшысы Юн Бён Се бекітті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков Қазақстан азаматтарына Кореяға визасыз сапарлауға мүмкіндік болатынын айтқан еді.

Оның атап өтуінше, бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: newskaz.kz

19 маусым 2014, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.