Атырау, 25 қараша 11:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жыл соңына дейін Қазақстаннан мұнай өнімдерін шет елдерге экспорттауға тыйым салатын Заң қабылданды

2 425 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2010 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге  өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Хаттаманың негізгі мақсаты Қазақстанның Ресейге мұнай және мұнайды қарсы бағытта жеткізу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын аяқтау және Қазақстанның ішкі нарығын Ресейде шығарылған жоғары октанды бензиндерімен және авиакеросинмен тұтынуды жабу үшін қажетті көлемде үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.

«Соңғы бірнеше жылдар бойы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары шығаратын мұнай өнімдерінің көлемі ішкі сұранысты қамти алмай келеді. Осы себептен жыл сайын Ресейден бірқатар мұнай өнімдерін импорттап келеміз. Соның ішінде жыл сайын 1 миллион 300 мың тонна бензин, авиокеросин - 100 мың тоннадан астам, дизель отыны 400-700 мың тоннаға дейін алып тұратын едік. Ал хаттамаға сәйкес, біз жыл сайын Ресейге бір жарым миллион тонна мұнайды ресейлік компанияға тапсыруға міндетті болып келеміз. Осы мәселені Қазақстанға тиімді бағытта өзгерту үшін былтырғы жылдың желтоқсанында келісімге өзгерістер енгізілді», - дейді Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

Оның айтуынша, хаттаманың негізгі шарты Қазақстаннан Ресейге қарсы жеткізілім үшін мұнай өнімі тек қана 2012-2013 жылдармен доғарылады, яғни 2014 жылдан бастап Қазақстаннан Ресейге қарсы мұнай жеткізілмейді.

«Тағы бір шарт бойынша Қазақстанға Ресейдің қоңыр түсті мұнай өнімдерін, мазут битум секілді өнімдер әкелуіне тыйым салынды. Ал Қазақстан ресейлік мұнай өнімдерінің ел аумағынан басқа елдерге экспортталуын болдырмау мақсатында, ашық түсті мұнай өнімдерін, бензин,  авиокеросин дизель отыны секілді өнімдерді экспортқа шығаруға тыйым салынды», - деді Мұнай және газ министрі. 

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. 

Дереккөз: inform.kz

19 маусым 2014, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.