Атырау, 25 қараша 11:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Корей түбегінің бірігуін қолдайды

2 745 просмотра

Қазақстан Корея Республикасының Корей түбегін болашақта біріктіру идеясына қолдау білдіреді. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан.

«Бүгін шағын құрамдағы келіссөздер барысында біз сізбен екіжақты, өңірлік маңыздағы тақырыптардың кең ауқымын талқыладық. Бірқатар халықаралық мәселелердегі біздердің ұстанымдарымыздың ұқсастығын білдірдік және тығыз сұхбаттастықты жалғастыруға уағдаластық», - деген  Елбасы өз сөзінде.

Сондай-ақ ҚазАқпараттың хабарлауынша Н.Назарбаев Корея небәрі екі буын алмасқан уақыттың ішінде  экономикалық таңғажайып әрекеттерге барып,  кедей аграрлық елден әлемнің үздік жиырма державасының қатарынан орын алғанын атап өткен. Президент сонымен қатар Корея  Республикасының Солтүстік Кореяның ядролық қаруға ие болуына қарсылығына және болашаққа корей түбегін біріктіру идеясына мығым қолдау білдіретіндігін баса айтты.

Айта кететін болсақ Корея Республикасы екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Жапония шабуылына ұшырады. 1948 жылы Корей түбегінің солтүстігі тарапына орналасқан СССР әскері мен Оңтүстігіне орналасқан АҚШ әскері елді екіге бөлді. 38 параллель соғыс жағдайында шекара болып, Корея оңтүстік, солтүстік болып соғысты.

Дереккөз: abai.kz

19 маусым 2014, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.