"Биыл қала күніне шамамен 700 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді», - деп атап өтті Болат Мажағұлов.
"Жыл сайын біз іс-шараларды өз шығынын ақтауға көшіру үшін Қала күнін мерекелеуге жұмсалатын қаржы көлемін қысқартып жатырмыз. Елорда күніне орай өткізілетін шараларға, егер олар коммерциялық жағынан қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты болса, біз әртістерге тегін алаңдар, концерттік залдар ұсынамыз. Мысалға «А'студио» тобына біз концерттік зал мен жарнама ұсынамыз, ал одан кейін концерт өз шығынын өзі өтеуге жұмыс істейтін болады. Біз мұндай тәжірибені кеңінен енгізудеміз, өйткені бұл қалалық бюджеттің шығынын оңтайландыруы мүмкін", - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елорда күнін мерекелеуге арналған мәдени шаралардың бағдарламасы туралы» деген тақырыпта өткен брифингте.