Атырау, 1 қазан 09:14
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Семей полигонынан зардап шеккен азаматқа көмек керек

3 678 просмотра

Берік СыздықовБерік СыздықовСемейдегі ядролық сынақтан зардап шеккен Берік Сыздықовқа қаржылай көмек керек. Бетін толықтай ісік жайлаған азамат туралы алдыңғы хабарларымызда көрсеткен болатынбыз. Біраз уақыт бұрын Беріктің жағдайынан құлағдар болған Испания дәрігерлері оған ота жасапты. Ем шарасын толықтай аяқтау үшін тағы екі операция керек екен. Оған жетпейтін қаржыны Беріктің жақын-жуықтары жомарт жандардан сұрап отыр.

Бұл осыдан шамамен бір жыл бұрын түсірілген. Полигоннан зардап шеккен Берік бетіндегі ісікті алақанымен көтеріп көрсетуде. Осы бейнематериалдан кейін испаниялық дәрігерлер оған көмектесуге бел буған. Тіпті бір операцияны тегін жасап беріпті.

Берік Сыздықов, Семей қаласының тұрғыны:

 

 - Қолдарынан келген көмекті бергеніне рахмет деймін. Енді кішкене бұрынғыдан әйбат болды біраз. Уайымдаймын кейде, өсіп кетпесе, осылай жүре берсе деп. 

 

Бетіндегі ісік анағұрлым кішірейген. Еуропалық мамандар толығымен емдеу үшін енді тағы екі операция керек депті. Ол үшін тіпті Қазақстанға келуге де әзір.

Зейнелхан Сыздықова, Беріктің анасы:

 

 -Таза терісіне шар қоямыз дейді. Ол шар үлкейіп болғанда оны алып, ауырған жағына жамаймыз дейді. Сол үшін екі операция. 

 

Бұған дейін Берік Италия, Германия және Швейцарияда емделген. Алайда шипа қонбапты. Испан дәрігерлері де Беріктің толық сауығып кетеріне кепілдік бермеген. Бір белгілісі, енді мүлдем көре алмай қалған.

Зейнелхан Сыздықова, Беріктің анасы:

Көзі көрмейді. Көзініңбіреуін осы жерде алып тастады ғой. Екіншісін де операция жасағанда, қай жерде екенін білмеймін. Сонда барғанда солар айтты, екінші көзін алып тастады деп.

36 жасқа келген Берік пен оның анасы қолда бар мүлкін бұған дейінгі емдеу шараларына қаржы жинау үшін сатыпты. Ал испандық дәрігерлердің жолы мен қаладағы жатын орнынкөтеруге олардың шамасы жетпейді. Сондықтан жомарт жандардан көмек сұрап отыр.

Дереккөз: ktk.kz

12 маусым 2014, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.