Атырау, 1 қазан 09:12
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

«Кептелістер» мен қарбалас сәттерінде барынша мобильді болу үшін Талдықорған полицейлеріне скутер берді

1 518 просмотра

Фото: Zakon.kzФото: Zakon.kzАлматы. 12 маусым. ҚазТАГ – Алматы облысының учаскелік полиция инспекторларына 20-дан астам скутер берілді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Талдықорғанда өткен Алматы облысы учаскелік полиция инспекторларының слеті барысында Алматы облысы басшысы Аңсар Мұсаханов өңір полицейлеріне қызметтік қажеттілік үшін 21 дана мототранспорт ұсынды», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Ол суктерлердің Талдықорғандағы тірек полиция пункттеріне арналғандығы айтылған. ІІД басшылығының пікірінше, учаскелік инспекторлар скутерлерге отыру арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау және қала жағдайында қылмыстарды ашу барысында қызметтік міндеттерін орындауда барынша мобильді болады.

«(…) Оқиға орнына барарда полиция қызметкері көлік кептелістерінде қалмайды, қаланың тар көшелерімен жеңіл өтіп, көпқабатты үйлердің аулаларына, демалыс аймақтары мен қоғамдық орындарға еркін кіре алады», - деп атап өтті ІІД-де.

Баспасөз қызметінің ақпарынша, мұндай үлгі Алматы облысының барлық аймағына таралады.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 маусым 2014, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.