Атырау, 6 желтоқсан 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ҚР Білім және ғылым экс-вице-министрі Шаяхметовке қатысты сот Астанада 23 шілдеде басталады

2 404 рет қаралды

Фото: kapital.kzФото: kapital.kzАСТАНА,  12 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Білім және ғылым экс-вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты сот 23 шілдеге белгіленді деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотынан. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Өскемен қаласында 700 адамға арналған оқу орнын салу барысында 1,5 млрд. теңге қолды болған еді. Осыған байланысты қаржы полициясы бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұған ҚР БҒМ-ның бұрынғы вице-министрінің қатысы бар деген күдікпен С.Шаяхметов ұсталып, үйқамаққа алынды.

«Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР Білім және ғылым министрілігінің бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовтің ісін қарастыруды  23 шілдеге белгіледі. Осы істі судья Рамазанова Әсем Қасымбайқызы жүргізеді»,-деп хабарлады соттан телефон арқылы.

Дереккөз: newskaz.kz

12 маусым 2014, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.