Атырау, 14 қаңтар 09:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстан 10 елдің инвесторлары үшін визасыз тәртіп енгізді

1 895 рет қаралды

Қазақстан 10 елдің инвесторлары үшін біржақты визасыз режім енгізді. Бұл туралы бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 «Инвесторлар үшін визасыз режімге тоқталсақ, бизнес-келісімдерді, халықаралық операцияларды кеңейту үшін визалық кедергілерді жою керек. Бүгін біз Қазақстанда жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 елдің азаматтары үшін біржақты визасыз режімнің енгізілетінін жариялаймыз», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея мен Жапония еніп отыр. 

Дереккөз: bnews.kz
12 маусым 2014, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.