Атырау, 25 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралда жоғалған баланы Ұлттық гвардия сарбаздары тапты

2 260 просмотра
Орал Ұлттық гвардия сарбаздары жоғалған 4 жасар баланы шағын аудандардың бірінен тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Ұлттық гвардиясы «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда ҚР Ұлттық гвардия сарбаздары күн сайын қала көшелерін аралап, тұрғындардың қауіпсіздігін күзетеді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды полиция пункттеріне жеткізеді, ал жамандыққа тап болғандарға көмектеседі.

ҚР Ұлттық гвардиясының 5517 әскери бөліміне кешкі уақытта 4 шағын ауданда 4 жасар баланың жоғалғандығы туралы хабарлама түседі. Барлық қызметтер мен күзеттерге хабар беріліп, дереу қызды іздеуге кіріседі.

Дәл осы күні кешкі 19:30 шамасында 5517 әскери бөлімнің қызметекрі капитан Думан Құрсабаев пен автокүзет жүргізушісі сержант Нұржан Темірбеков 4 шағын ауданда аулалардың бірінде жылап тұрған баланы көреді. Сұрастыра келе, іздеу жарияланған бала осы екендігін анықтайды.

ҚР Ұлттық гвардиясы қызметкерлерінің сауатты әрі уақтылы әрекет етуінің арқасында бала жақын маңдағы полиция учаскесіне жеткізіліп, ана мен бала қайта қауышты.

Баланың әкесі Төлеген Ақуәлиев ҚР Ұлттық гвардиясы «Батыс» ӨҚ қолбасшысы полковник Қайрат Ақтановқа хат жазып, «Еліміз мақтан тұтуға лайық осындай батыл да сауатты сарбаздарды дайындап жатқан ұлттық гвардия басшылығына рахметімді айтамын. Олар кез келген қиын сәтте тұрғындарға көмектесуге дайын тұратын біздің еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтары» - деп алғысын білдіріпті.

Қоғамдық тәртіпті қорғауда және әскери борышын атқаруда қырағылық танытқаны үшін Ұлттық гвардия басшылығы сарбаздарды жоғарғы қолбасшылықтың марапатына ұсынды.

Дереккөз: bnews.kz

12 маусым 2014, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.