"Луганскі халықтық республикасының" туы. Сурет korrespondent.net сайтынан алынған"Өзін дербес республика деп жариялаған "Луганск халықтық республикасы" Қазақстанға оны тәуелсіз деп тану туралы ресми түрде өтініш жолдады. "Луганск халықтық республикасының" Жоғарғы кеңесінің жетекшісі Алексей Карякин қол қойған Үндеудің мәтіні ЛХР арнайы сайтында 11 маусым күні жарияланған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осындай мәтіндегі өтініш Ресей, Абхазия, Беларусь, Оңтүстік Осетия, Приднестрлік Молдава республикасы, Армения, Сирия, Сербия, Венесуэла, Қытай, Куба және Никарагуа, сондай-ақ РФ субъекті болып табылатын Ингушетия мен Шешенстан елдеріне де жолданған.
"Луганскі халықтық республикасының" Жоғарғы кеңесінің атынан жолданған үндеу мәтінінде "Луганск халықтық республикасын тәуелсіз егеменді ел ретінде тану туралы шешім шығаруларыңызды сұраймыз" деп жазылған.
Дереккөз: tengrinews.kz