Атырау, 25 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маңғыстау облысында кен орнында болған жарылыстан екі жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды

2 408 просмотра

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Өзенмұнайгаз» АҚ–ның «Қарамандыбас» кен орнындағы жарылыстан екі жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«10 маусымда сағат 15.30-да ЖЖМ сақталатын металл ыдысқа (солярка, көлемі 10 текше метр) GPS тетігін орнату бойынша жұмыстар жүргізу барысында газды-ауа қоспасы атылып, арты өртке ұласқан», - делінген жедел ақпарда.

ТЖМ ақпарынша, жанар май құятын ыдыс жарылған, ішіндегі ЖЖМ толығымен жанып кеткен. Жарылыс нәтижесінде екі жұмысшы қаза тауып, түрлі деңгейде жарақат алған және денелерін күйік шалған тағы екеуі ауруханаға жеткізілген.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 маусым 2014, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.