Атырау, 25 қараша 09:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәжіліс Эстониямен сауданы өзара көтермелеу туралы келісімді ратификациялады

1 514 просмотра

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, - деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Мәжілістің жалпы отырысында деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз-қызметі. 

Келісіммен экспроприация, ұлттандыру, инвесторға өтемақы төлеу және дауларды шешу қатысты нормалар қарастырылған, сондай-ақ, Келісім Тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық төрелік соттарды қалыптастыру рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды, - деп түсіндірді ЭБЖМ басшысы.
2005 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан экономикасындағы эстондық инвестициялардың жалпы ағыны 48,3 млн. АҚШ долларын құрады.
2013 жылға қазақстандық-эстондықсауда айналымының көлемі 34,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл шамамен 2012 жылдың көрсеткішіне тең - 34,2 млн. АҚШ долл.
2013 жылға Қазақстанның Эстонияға экспорты 4,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақстанның Эстонияға экспорттайтын негізгі өнімдері:
- өңделмеген мұнай мен битумды жыныстардан алынған өңделмеген мұнай өнiмдерi – 62,6% (2,9 млн. АҚШ долл.);
- қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары – 13,4% (633,8 тыс. АҚШ долл.);
- балықтың қылтанақсыз еті және балықтың басқа да еті – 6,3% (299,7 мың АҚШ долл.) болып табылады.
2013 жылға Эстониядан Қазақстанға импорт 29,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Эстониядан Қазақстанға тасылатын негізгі өнімдер:
- панельдер, үстелдер, үлестіргіш қалғандар және электр құрылғылары үшін негіздер – 30% (9,0 млн. АҚШ долл.);
- шыны жақпасы, шайырлы цементтер, тығыздауға арналған құрамдар және басқа да мастикалар – 6,9% (2,0 млн. АҚШ долл.);
- қара металдан жасалған басқа бұйымдар – 6,1% (1,8 млн. долл. США);
- коммутация үшін немесе электр сымдарынан қорғау электр құрылғылары – 6,1% (1,8 млн. АҚШ долл.);
- дәрілік заттар – 4,9% (1,4 млн. АҚШ долл.) болып табылады.

Дереккөз: Baq.kz

 

11 маусым 2014, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.