Атырау, 25 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Франция президенті Қазақстанға 2014 жылдың соңында сапармен келеді

2 500 просмотра

Франция президенті Франсуа Олланд Қазақстанға 2014 жылдың соңында сапармен келеді, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

СІМ мәліметінше, ү.ж. 10 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырыовтың Францияға ресми сапары басталды. Оның шеңберінде ол өзінің француз әріптесі Лоран Фабиуспен, көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Франция Президентінің Кеңесшісі Жак Одибермен, сондай-ақ қазақстандық-француз іскер кеңесінің тең Төрағасы, «Тotal Upstream» компаниясының Президенті Ив-Луи Даррикаррермен кездесулер өткізді.

Қазақстан мен Франция сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері аясын талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

"Екі министр келіссөздерінің басты тақырыбы осы жылдың соңында Франция Президенті Ф.Олландтың Қазақстанға сапарына дайындық болды. Е.Ыдырысов аталған сапар Қазақстан мен Франция арасындағы, ең алдымен, экономикалық бағыттағы бірлескен әрекеттердің өрісін кеңейтетін жаңа өзара тиімді келісімдердің жетістігімен есте қалуы керектігін атап өтті",-делінген хабарламада.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық қазақстандық-француз қатынастары стратегиялық әріптестігінің басты құраушысы болып табылады. Аталған контексте тараптар экономикалық сипаттағы маңызды мәселелерді талқылап, шешуге мүмкіндік беретін Экономикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-француз Үкіметаралық комиссия мен Қазақстандық-француз іскер кеңесінің табысты жұмысын қанағаттылықпен атап өтті.

«2013 жылдың қорытындысы бойынша, Франция – тауар айналымы 6 млрд. доллардан асып жетекші сауда әріптестер қатарында бесінші орынға ие болды. Қазақстандық экономикаға тікелей инвестициялар көлемі бойынша Франция төртінші орында – ынтымақтастық жылдар бойы бұл көрсеткіш 10 млрд. АҚШ долларын құрады», – деп белгіледі ҚР СІМ басшысы.

Сұхбаттасушылар әуе космосы саласындағы әріптестік, «Еврокоптер» тікұшақтарын өндіру, атом энергетикасындағы ынтымақтастық, машина жасау саласындағы әріптестік және т.б. осы сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықтарын одан әрі дамытуға ниеттерін білдірді.

Сондай-ақ, Е.Ыдырысов пен Л.Фабиус қазақстандық-француз ынтымақтастығына, соның ішінде туризмнің дамуына, бизнес-байланыстардың жандануына және инвестицияларды ынталандыруға маңызды шабыт беретін Астана мен Париж арасында тікелей әуехабарлама орнату мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар қазақстандық СІМ басшысы біздің еліміз ғылым саласындағы ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. «Біздің елдеріміздің университеттері арасында бірлесен ғылыми жобалар мен зерттеулер табысты дамуда. Біз Алматыда Қазақстан-Сорбонна университетінің құрылуына және француз мектептерінің ашылуына тек ризашылығымызды білдіреміз», – деп мәлімдеді ол.

Бұдан бөлек, халықтарымыз арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамуының маңызды рөлі атап өтілді. Осыған орай өткен жылы Қазақстандағы Францияның мәдени маусымының сәтті өткізілгені атап өтілді және ү.ж. күзде Франциядағы ҚР мәдени маусымының сәтті өтуіне де сенім білдірілді.

Көпжақты ынтымақтастық саласында келіссөздердің негізі тақырыбы ҚР-ЕО кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы жаңа келісім шарттың жасалынуы болды. «Жаңа Келісім шарт – өзара мүдделер тең үйлесімділікпен ескерілуі тиіс серіктестігіміздің дара және дәрежесі биік сипаттамасын нығайту мүмкіндігі», - деп атап өтті Е.Ыдырысов. Ол ү.ж. қазанда Брюсселде келісімшартты парафирлеу үшін тараптардың келіссөз жүргізуші «топтары» келіссөздердің келесі кезеңінде құжат мәтінін біржолата мақұлдайды деп үміт білдірді.

Көпжақты ынтымақтастық саласының өзге маңызды тақырыбы ретінде виза рәсімдерін өзара жеңілдету мәселесі қарастырылды. «Азаматтарымыздың өзара қатынасу үдерісі өскендігін атап кеткен жөн. Жыл сайын жүз мыңнан астам ҚР азаматтары Еуропа елдеріне барып қайтады. Осы орайда, ҚР мен ЕО арасындағы ағымды визалық тәртіп саяси және экономикалық сұхбатының қазіргі ахуалы мен даму мақсаттарына сай келмейді»,- деп айта отырып, ҚР СІМ басшысы француз тарапының бұл мәселе шешімінде қолдау көрсетеді деген үмітін білдірді.

Екі ел арасындағы көпжақты форматтағы өзара әрекеттенуіне келгенде, Е.Ыдырысов Францияны халықаралық ұйымдар шеңберінде маңызды әрі сенімді серіктестік ретінде қарастыратындығын атап өтті. «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. аралығына тұрақты емес мүшелікке сұранымызды позитивті қабылдағаны үшін француз тарапына ризашылығымызды білдіреміз», - деді қазақстандық дипломат.

Сұхбаттасушылар Ауғанстан қалпына келуі, Сирия мәселесі, Иран ядролық бағдарламасы, және де Украинадағы жағдай секілді халықаралық күнтізбесінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарын салыстырды.

Ж.Одибепмен кездесуі барысында ҚР СІМ басшысы қазақстан-француз саяси және экономикалық сұхбаты өзінің жоғары мағыналығын мен тиімділігін сақтап келуде екенін атап өтті. «Екі ел басшыларының жеке демеуімен Астана мен Париж арасындағы саяси өзара түсінушілік жоғары деңгейге жетті. 2008 ж. Стратегиялық серіктестік туралы шарт өзара әрекеттестікке ерекше сипат береді.», - деп айтты Е.Ыдырысов.

Сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын мен болашағын, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі әрекеттестікті талқылап, халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарын» салыстырды.

Е.Ыдырысов Ж.Одиберге ел экономикасының одан әрі әртараптануы мен жаңаруына, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуіне зор шабыт беретін Қазақстанның жалпы ұлттық жобасы «ЭКСПО-2017» өткізу құқығы үшін Францияның Астана кандидатурасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің Тең төрағасы И.-Л. Даррикаррермен сұхбаты барысында ҚР СІМ басшысы қазақстандық-француз экономикалық ынтымақтастығының жоғары деңгейін мен серпін атап өтті. Аталған мәнмәтінде ол Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің басым ролін ерекше атап, бұл алаң болашақта да экономикалық қатынастарды дамыту мен әртараптандытуға мүмкіндік туғызады деген үмітін білдірді.

Қазақстандық дипломат И.-Л. Даррикаррерге елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ҚР Үкіметінің ауқымды жұмысы туралы хабарлады. «Жақын арада индустриалды-инновациялық дамудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оның шеңберінде біз шетел инвестициялары үшін одан да тиімді жағдай туғызып, бұл Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

«Жасыл технологияларды» дамыту мен енгізу бойынша Францияның көлемді ғылыми-техникалық деңгейін ескере отырып, ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысы француз компанияларын ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізуге белсенді қатысуға шақырды.

Е.Ыдырысов іс-сапары 11 шілдеге дейін созылады, сапар барысында оның Халықаралық көрме бюросының Бас Ассамблеясында «Астана ЭКСПО-2017» құжаттамасын растау үрдісіне қатысуы, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұймы және ЮНЕСКО басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

11 маусым 2014, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.