Атырау, 4 мамыр 04:06
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Маңғыстау облысында цистерна жарылып екі адам қайтыс болды

2 010 просмотра

"Маңғыстау облысында сұйықтық сақтауға және тасымалдауға арналған үлкен цистерна жарылып, салдарынан екі адам қайтыс болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, қайғылы оқиға 10 маусым күні Қарақия ауданындағы "Қарамандыбас" кенішінде орын алған. "Жанар-жағармайға арналған металл ыдыстарға GPS (датчик) орнатып жатқан кезде газ бен ауа қосындысының жарылысы орын алған. Салдарынан металл ыдыс бөлшектеніп, ішіндегі жанармай толықтай жанып кеткен" делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан 1989 және 1990 жылдары туған екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Күйік шалып, түрлі дене жарақатын алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 маусым 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.