Атырау, 25 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Виктор Храпунов әйелімен ажырасты

1 356 просмотра
Виктор Храпунов жұбайы Ләйләмен ажырасты. Алматының жерін оңды-солды сатып, бала-шағасымен Швейцария асқан ерлі-зайыптылар бұған дейін бақытты отбасы сияқты көрінген еді. Енді не бөлісе алмағаны белгісіз. 

Алматының экс-әкімінің әйелімен некесін бұзғанын бүгін Цюрихте шығатын Neue Zürcher Zeitung газеті жариялады. Швейцарияның федералдық прокуратурасы бұл екеуінің ел аумағындағы заңға қайшы әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс қозғаған еді. Ресми құжаттарда Швейцария мен ұлттық қорғанысқа қарсы бағытталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы айтылған. Бұған тыңшылық жасау, әскери барлау және өзге мемлекеттің мүддесі үшін ақпарат жинау әрекеті жатады. Сөйтіп, 2008 жылдан бері Женевада тұрып келе жатқан Виктор Храпуновтың жанұясы бақылауға алынған. Осының бәрін тізіп шыққан аталмыш газет оның қазір әйелімен ажырасып кеткенін айтыпты. 

Дереккөз: Baq.kz

11 маусым 2014, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.