Заң қылмыстық жолмен алынған табыстарды легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, аталмыш құжат қаржылық мониторинг субъектілері тізімін кеңейту, ішкі бақылау ережелерін жүргізу механизмдерін жетілдіру, клиенттерді, олардың өкілдерін және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексерулерден өткізу, күдікті операцияларды тежеу, құнды қағаздар нарығындағы манипуляциялар үшін және инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланғаны үшін, қылмыстық жолмен алынған табыстар болып табылатын мүліктерді конверсиялау немесе аударуды криминалдандырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу салаларына қатысты белгілі бір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң қолданыстағы құқықты «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: ҚазАқпарат