АСТАНА, 10 мау - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Бас прокуратурасы 2013 жылы шетелдерден еліміздің 28 азаматын бұдан әрі жазасын елімізде өтеуге қабылдап алды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Қазақстанның Бас прокуратурасы 2013 жылы шетелдік мемлекеттерге іздеуде болған 47 шетелдік қылмыскерді ұстап берді. Cонымен бірге, шетелдерден еліміздің 28 азаматын бұдан әрі жазасын елімізде өтеуге қабылдап алды", - делінген хабарламда.
Баспасөз хабарламасында айтылғандай, прокуратура шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарымен қылмыскерлерді экстрадициялау мәселесінде белсенді өзара әрекеттестікті жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, соңғы үш жылда 15 шет мемлекеттен қылмыскерлерді беру туралы 300-ге тарта сұранымдар қанағаттандырылған. Дәл осы аралықта Қазақстанның Бас прокуратурасының қылмыскерлерді беру туралы 200-ге тарта өтініш-талаптарын шетелдік мемелкеттердің құзырлы органдары қанағаттандырды.
Дереккөз: newskaz.kz