Астанада Оңтүстік Кореямен визасыз режим туралы келісімге қол қойылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковқа сілтеме жасап.
"Сіздердің назарларыңызды мына құжатқа аудартқым келеді. Ол Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Үкіметтері арасындағы өзара виза талаптарын алмасу туралы келісім болмақ. Бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді. Бұл туризмді, медицинаны, ғылыми технологияларды, студенттер алмасу және басқа да жайттарды дамытумен байланысты", - деді А.Волков.
А.Волковтың атап өтуінше, Корея Президенті Пак Кын Хенің елімізге мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Оның үшеуі екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен рәсімделетін болады.
Айта кетейік, Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары 19 маусымға жоспарланған.
Дереккөз: tengrinews.kz