Фото uralskweek.kz сайтынан алынды.Орал. 10 маусым. ҚазТАГ – Оралда жас қыздарды азғындырған деп айыпталған Ұлыбритания азаматы Питер Барухтың үстінен сот ісі басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Жас қыздарды азғындырған деп айыпталған Ұлыбритания азаматы Питер Барухтың үстінен сот ісі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 10 маусымда таңғы сағат 10-да басталды. Сот отырысы жабық режимде өтуде.
Еске салсақ, шетелдікке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алуы мүмкін, бұл ретте ол жазасын Қазақстанда өтеуі тиісті.
Бұрын хабарланғандай, Оралда осы өңірдегі бір мұнайгаз компанияларында жұмыс жасайтын 38 жасар Ұлыбритания азаматы кәмелетке толмаған қыздарды бұзған деп күдіктелуде.
Шетелдік өзі тоқтаған қонақ үйіндегі номерде кәмелетке толмаған, шамамен 12-13-тердегі қыз балаларды жалаңаш түрінде бейнетаспаға түсірумен айналысқан.
Аталған дерек бойынша Орал ІІД ҚР ҚК 273-1 б. бойынша (кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін дайындау және айналымға салу, немесе оларды порнографиялық сипаттағы шараларға қатысуға тарту) және ҚР ҚК 124 б. (кәмелетке толмағандарды бұзу) қылмыстық іс қозғалды.
Бұрындары Орал қалалық сотышетелдіктің қонақ үйіндегі номерге жасалған тінтуді заңсыз деп тапқан. Бірақ қалалық прокуратура ол шешімнің күшін бұзды.
10 ақпанда Орал қалалық соты ІІД тергеушісінің Барохты 2 айға қамау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. 21 мамырда қала прокуратурасы қылмыстық істі БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.
Оған қоса 11 жапа шегушінің 9-ы одан 5,4 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алу туралы шағым жазған.
Дереккөз: ҚазТАГ