Фото: kp.ruАлматы. 10 маусым. ҚазТАГ – Жамбыл облысында Сарысу ауданы экономика және статистика бөлімінің бұрынғы қызметкері Мағжан Бектайды бала ұрлағаны үшін шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде.
«Сарысу аудандық соты М.Бектайды Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 125 бабы 2 бөлімі «д» , «з» тармақтары, яғни «пайдакүнемдік ниетте кәмелетке толмаған адамды ұрлау» бойынша айыпты деп таныды және жеті жылға бас бостандығынан айырды», - делінген сейсенбідегі ақпарда.
Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның шартты екені аталып өтілді, М.Бектайға 2 жылға сынақ мерзімі тағайындалған.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 27 наурызында 6 жасар баланың сеніміне кірген ол оны өз үйінің алдынан ұрлап әкеткен. Ұрланған баланы М.Бектай өзінің жұмыс кабинетінде ұстаған. Баланың ата-анасынан Т200 мың көлемінде ақша талап еткен.
Сотта М.Бектай ол ақшамен несиесін жаппақ болғанын мойындады.
Дереккөз: ҚазТАГ