Атырау, 25 қараша 09:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ереуілдерді заңсыз деп тану істері жеделдетілетін болды

1 749 просмотра

Фото kostanay.enbek.gov.kz сайтынан алындыФото kostanay.enbek.gov.kz сайтынан алындыБұдан былай Қазақстанда ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер жеделдетілетін болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы вице-министр Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында мәлім етті. 

"Азаматтық іс жүргізу кодексіне әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу тиімділігін арттыру, құқықбұзушылықтың қоғамдық-қауіпті салдарын азайту мақсатында ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді соттардың қарау мерзімін 30 күннен 10 күнге қысқарту нормалары ұсынылған" - деді С.Жақыпова.

Сондай-ақ, Светлана Жақыпова "бұдан бөлек "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңына әлеуметтік шиеленістің және еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында - жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік шиеленістің мониторингін жүзеге асыру және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерін болжау бойынша функцияларды бекітіп беретін нормалар ұсынылады" - деді.

Дереккөз: tengrinews.kz
 

10 маусым 2014, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.