Баспасөз қызметі мамандарының айтуынша, 2014 жылдың 1 мамырынан бастап ExxonMobil компаниясының өкілі Стефан де Майё NCOC басқарушы директоры Пьер Оффанның орнына келді.
Жаңа компания консорциум мүшелері әзірлеген қолданыстағы құралдар мен процестерді біріктіретін бірыңғай корпоративтік басқару жүйесі аясында жұмыс істейді.
«Биылғы жылы интеграция және бірігу процесін бастауды жоспарлап отырмыз. Бірыңғай операциялық компания құрумен байланысты қызмет құбырларды жөндеу жұмыстарына, кен өндіру жұмыстарына немесе басқа да жұмыстарға мүлде зиянын тигізбейді. Өзгерістер туралы ресми түрде хабарлаған уақытқа дейін бұрынғы операциялық жүйе қолданылады. Бірыңғай операциялық компанияның қызметкерлері Атырауда жұмыс істейді, ал мемлекеттік лауазымды тұлғалармен жұмыс істейтін қызметкерлер Астанада отырады», - дейді компания мамандары.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Exxon Mobil компаниясы қазақстандық ірі кен орны Қашағанның операторы болуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.
ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің мамыр айының соңында кен өндіру жұмысы 2015 жылдың соңында жаңартылатынын айтып, батыстық әріптестерге кен орындарындағы құбырларды ауыстыру жұмыстарын қолға алуды тапсырған еді.
Дереккөз: bnews.kz