Атырау, 25 қараша 09:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соңғы 1,5 жылда 300-дей қазақстандық басшы жемқорлығы үшін жазаға тартылды - қаржы полициясы

2 104 просмотра

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Соңғы 1,5 жылда 300-дей қазақстандық басшы жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов.

«Былтырғы жылдан бастап және бүгінгі күнге дейін жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке әр түрлі деңгейдегі 300-дей басшы тартылған, олардың ішінде 22-сі республикалық деңгейде, 83-і облыстық деңгейде, қалғандары қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар», - деді М.Ахметжанов бейсенбідегі брифингте.

Ол жүйелі түрдегі жемқорлық қылмысы үшін 442 адамға қатысты 600 қылмыстық іс қозғалғанын, лауазымды тұлғалардың ҰҚТ құруы, оған басшылық етуі және қатысуы бойынша – 10 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Мемсатып алу саласында 784 қылмыс тіркелген, олардың орын алуына 448 мемлекеттік тұлғалардың қатысы бар», - деп толықтырды ол.

Қаржы полициясының ақпарынша, 2013 жылы 10 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айында 5 мыңға жуық қылмыстық іс түскен. Олардың ішінде ауыр және ерекше ауыр қылмыстар - 27%, экономикалық қылмыстар - 65%, жемқорлық сипаттағы - 21%.

Анықталған шығынның жалпы сомасы 2013 жылы және ағымдағы жылдың 5 айында Т290 млрд құрады, оның ішінде тергеу амалдары қолданған шаралар барысында Т157 млрд. өндірілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 маусым 2014, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.