Атырау, 25 қараша 09:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шымкентте жол үшін шыққан дау төбелеске ұласып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

2 488 просмотра
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол үстінде болған оқиға салдарынан жүргізушінің өмірі қиылды. Денесіне пышақ сұғылған 18 жастағы бозбаланың мүрдесі Қарабастау ауылынан табылды.  

Кейін полицейлер тағы бір жас жігіт пышақ жарақатынан облыстық ауруханаға түскенін анықтады. Бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікті дереу қолға түсті. «Ол 25 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Азамат өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Күдіктінің айтуына қарағанда, ол сол түні туысымен бірге «Ауди» көлігінде келе жатады. «Ваз-21099» көлігі олардың жолын кескен. Көлік ішінен спирттік ішімдік ішкен 4 жігіт шығып, кімнің жол беру керек екендігін анықтай бастайды. Кейін күдікті туысымен бірге ары қарай жүріп кетеді. Сөзбен дауласқанды аздық еткен мас жігіттер «Ауди-80» көлігін қуып жеткен. Төбелес кезінде күдікті жапа шеккеннің арқасына бірнеше рет пышақ сұғып, тағы бір жігітті жарақаттайды.  Осыдан кейін олар көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.  

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

5 маусым 2014, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.