Атырау, 6 желтоқсан 00:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Елімізде тұңғыш рет пара беруші сотталды

1 594 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысында аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бұрынғы басшысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жүргізілген тексеріс қорытындысына оң шешім шығару үшін 50 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.

"Теректі аудандық соты аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бұрынғы басшысын қатысты үкім шығарды. Ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жүргізілген тексеріс қорытындысына оң шешім шығару және кәсіпкерлік қызметіне бұдан былай кіріспеу үшін аудан тұрғынынан 50 мың теңге көлемінде пара алған", - делінген Қазақстан жаңалықтары хабарламасында.

"Шенеунік ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталып, мүлкін тәркілеумен бірге жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтеумен үш жылға сотталды. Сонымен бірге ол осынша уақыт бойы мемлекеттік қызмет саласында жұмыс атқара алмайды", - деп ақпараттандырады баспасөз қызметі.

Сот сондай-ақ пара берушіні де "ұмыт қалдырмай", оған ҚР ҚК 312-бабы 2-бөлігі бойынша екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын белгіледі.

Ол осы мерзімде арнайы органның рұқсатынсыз мекенжайын өзгерте алмайды, әрі оның ойын-сауық және басқа да орындарға баруына шектеу қойылады.

Дереккөз: nur.kz

5 маусым 2014, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.