Атырау, 6 желтоқсан 00:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астана және Баку өзара сауда көлемін ұлғайтуға ниетті

2 136 рет қаралды

Фото: newskaz.kzФото: newskaz.kzАСТАНА,  5  мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

"Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев сауда-экономика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынасты күшейту перспективаларына тоқталды. Бұл ретте тараптар экономикалық әлеуетті жүзеге асыру мақсатында өзара сауда көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті",-делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, екі ел көшбасшылары халықаралық және өңірлік ұйымдардың, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының аясындағы өзара іс-қимыл барысын қарастырды.

Дереккөз: newskaz.kz

5 маусым 2014, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.