©Tengrinews.kzҚаржы полицейлері жалақысының көлемі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов Астанада өткен брифингте қызметкерлердің табысы туралы әңгімеледі.
"Аумақтық бөлімшелерде қызметкерлердің білімін, тәжірибесін, еңбек өтілі мен біліктілігін есепке алған кезде орташа жалақы көлемі - 155 мың теңге. Әрине, үстемеақы, қызметкердің жедел әрі тергеу қызметімен байланысты арнайы үстемеақылар бар", - деп түсіндірді Ахметжанов.
"Аппаратта орташа жалақы мөлшері - 215 мың теңге", - деді қаржы полициясы агенттігі жетекшісінің орынбасары.
Дереккөз: tengrinews.kz