АСТАНА, 5 мау – Қазақстан жаңалықтары АА.Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде түлектерден тәркіленген ұялы телефондардың, шпаргалкалардың, фотоаппараттардың және рациялардың саны рекордтық көрсеткішке жетті деп хабарлайды Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 4 маусымында тест тапсыруға 24 104 түлек қатысты. Тест 69 пункт базасында тапсырылды.Тәртіп бұзғаны үшін 10 талапкер аудиториядан шығарылды.
"Тест тапсырушылардан 11 046 ұялы телефон, 7 533 шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флешка, 17 wi-fi табылған",-делінген хабарламада.
Үшінші күннің қорытындысы бойынша, еш түлек ең жоғары 125 баллды жинай алған жоқ.
4 018 түлек (16,7%) 100-ден астам балл жинаған, 2013 жылы 3 231 түлек (12,6%) мұндай нәтижеге қол жеткізген болатын.
Үшінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 77,1-ді құраған (2013 жылы - 74,8 балл).
Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 5 829 (24,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 7 436 (29%) болған.
Дереккөз: newskaz.kz