Атырау, 25 қараша 09:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақмола облысында әскерге шақырылушыдан Т350 мың пара алған қорғаныс ісі бөлімінің қызметкері ұсталды

1 509 просмотра

Фото: diapazon.kzФото: diapazon.kzАлматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Әскерге шақырылушыдан Т350 мың пара алғаны үшін Ақмола облысы Еңбекшілер ауданы қорғаныс ісі бөлімінің келісім және шақырту бойынша әскерилерді жинау бөлімшесінің бастығы ұсталды, деп хабарлады облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақмола облысында ІІД ұйымдасқын қылмыспен күрес жөніндегі басқармамен бірге жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында әскерге шақырылушылардың бірінен 350 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен Ақмола облысы Еңбекшілер ауданы қорғаныс ісі бөлімінің келісім және шақырты убойныша әскерилерді жинау бөлімшесінің бастығы ұсталды», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Тергеу амалдары әскерге шақырылушының параны әскери қызметке шақырту қағазын рәсімдемеу үшін бергенін анықтады.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 311 бабы 4 бөлімі «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазТАГkz

5 маусым 2014, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.