Атырау, 25 қараша 09:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шекара қызметінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерлері сотқа тартылды

2 361 просмотра

Қызметтік тұрғын үйлердің мемлекеттік сатып алуларын жүргізу барысында билікті және қызметтік уәкілеттіктерін асыра пайдаланғандары үшін айыпталған  Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары С.К., Әшімбаев А.И. Нұрманов және олармен қылмыстық келісім орнатқан «Astana Finance Union» ЖШС директоры М.Е. Мұқанов сотқа тартылды, деп хабарлады бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

"Бас әскери прокуратурамен тергелген қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери  сотына қарау үшін жолданды", - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шекара қызметі Директорының бұрынғы орынбасары С.К. Әшімбаев, Шекара қызметінің Тыл бас басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары А.И. Нұрманов және «Astana Finance Union» ЖШС директоры М.Е. Мұқанов, қылмыстық келісім орнатып, бюджеттік қаражатты ұрлап, өз әрекеттерімен 230 млн. теңгеден асатын аса ірі көлемде материалдық залал келтірген.

Тергеумен Шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік сатып алумен байланысты процедураларды жүргізу барысында билікті және қызметтік уәкілеттіктерін асыру деректері анықталды.

Азаматтық талап-арыз бөлігінде, басқа да мүліктік төлетулер немесе мүлікті тәркілеуге қатысты үкімді орындау мақсатында, тергеу органымен 290 млн. теңгеден астам мемлекетке келтірілген залалдың өндірілуі қамтамасыз етілді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
4 маусым 2014, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.