Атырау, 25 қараша 09:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҰБТ-ның екінші күнінің қорытындысы бойынша түлектердің 20% астамы ең төменгі көрсеткішті еңсере алмады

1 865 просмотра

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінің қорытындысы бойынша түлектердің 20% астамы ең төменгі көрсеткішті 50 балды жинай алмады деп хабарлайды республиканың білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 3 маусымда, ҰБТ-ның екінші  күні тест тапсыруға 17 351 түлек қатысты.

Ведомствоның мәліметінше, тест 60 пункт базасында тапсырылды.Тәртіп бұзғаны үшін 3 талапкер аудиториядан шығарылды.

"Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 3 883 (22,4%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 6 895 (31,7%) болған",-делінген хабарламада.

Тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация табылған, 2 блютуз, 1 қол сканері, 1 кеңсе пышағы табылған.

Екінші күннің қортындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды Алматы қаласындағы №159 лицейдің түлегі Марат Әсия Жандосқызы жинаған.

2 012 түлек (11,6%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 837 (8,4%) түлек қол жеткізген болатын.

Екінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 75,7-ні құраған (2013 жылы – 73,9 балл).

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

4 маусым 2014, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.