Атырау, 25 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақсайдың іргесінде жаппай төбелес болды

1 890 просмотра

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының іргесінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД Тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 31 мамыр күні болған. Шыңғырлау өзенінің жағасында "Ақсай радиосының" 10 жылдығына арналған жеке шара өтті. Оның соңында би кеші ұйымдастырылған. Бір кезде би алаңына жеңіл машина келеді, одан шыққан белгісіз біреулер биге араласады.

Ұйымдастырушылар шақырылмаған қонақтарға автокөлікті би алаңынан алып кетуді ескертеді. Жігіттер мұны кемсіту деп қабылдап, төбелес шығарады. Оқиға орнына келген полицейлер бұзақыларды Бөрілі аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, бірақ полицейлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Ақсайдағы жаппай төбелес. (авторы Times kz). Роликте бейәдеп сөздер бар екенін ескертеміз. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 маусым 2014, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.